Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2

15102018-2

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

2019 жылғы 16 қаңтарда 1 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 8 градус, жел 3 м/с


 

Тіл – ел тәуелсіздігінің белгісі»

IMG-20190109-WA0005

 

 

   «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 7-9 қаңтар аралығында Астана қаласы «Нұр Орда» лицей-мектебінде «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің белгісі» атты өзге ұлт 5-10 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілінен ХІІІ республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізді.

   Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Павлодар облысынан ең жоғары ұпай алған 16 оқушы жіберілді, 15 оқушы жүлделі орынға ие болды.

   І дәрежелі дипломмен Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 6 сынып оқушысы Шайфуллина Анель, Май ауданы, Малайсары орта мектебінің 8,9 сынып оқушылары Волкова Жанна және Яценко Алина, Екібастұз қаласы №7 гимназия-мектебінің 9 сынып оқушысы Безъязыкова Елена марапатталды.

   ІІ дәрежелі дипломмен Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 5 сынып оқушысы Нургалиева Медина, Екібастұз қаласы №13 ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Тынянова Вероника және Екібастұз қаласы №7 гимназия-мектебі 9 сынып оқушысы Лебедева Софья иеленді.

   ІІІ дәрежелі дипломмен Ақтоғай ауданы М.Қайырбаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Жукова Ангелина, Екібастұз қаласы №5 ЖОББМ-нің 8-5 сынып оқушылары Черная Нина және Хайруллина Зарема, Екібастұз қаласы №35 гимназия-мектебінің 7-9 сынып оқушылары Симонович Диана және Семенова Виктория, Екібастұз қаласы №7 гимназия-мектебі 7 сынып оқушысы Галямова Фатима, Екібастұз қаласы №6 лицей-мектебінің 6 сынып оқушылары Бруева Александра және Кузнецов Андрей марапатталды.

IMG-20190109-WA0003

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер