Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Балалар мұражайға саяxат жасады

WhatsApp Image_2019-01-04_at_15.50.454       Ақтоғай ауданының  оқушылары  қысқы демалыс кезінде Павлодар қаласының  Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына,Бұқар жырау  атындағы  облыстық әдебиет және өнер  мұражайына және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жанындағы мұражайларға барды. Балалар Павлодар облыстық әдебиет және өнер мұражайында кескіндеме, графика, мүсін, декоративті-қолданбалы өнердің таңғажайып жинақтарын тамашалады.  Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайында негізін археологиялық,  палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматика, фотосурет, деректі  коллекциялар   құрайтын жинақтар балаларға ерекше әсер етті. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы да  балаларға ежелгі түркі жазуларының құпиясын ашып таңғалдырды.
      Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жанында орналасқан мұражайдағы археологиялық кешен ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізу нәтижесінде алынған бай табиғи материалдан құралған экспозиция балаларды қатты қызықтырды. Бүгінгі экскурсия балалар үшін ерекше оқиға болды, олардың ұзақ уақыт бойы бұл саяхаттан алған әсерлерімен бөлісетіні сөзсіз.

WhatsApp Image_2019-01-04_at_15.49.108

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер