Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2

15102018-2


 

Халықаралық конкурста бас жүлдеге ие болды

 

   Облыстық Оқушылар сарайының «Свет звезды» үлгілі ән театры Мәскеу қаласында 2019 жылдың 6 қаңтарында өткен «Рождественские звёзды» атты Халықаралық жаңа жылдық фестиваль конкурсына қатысқан болатын.
Аталмыш фестивальге Польша, Израил, Абхазия, Беларусия, Шри-Ланка, Қазақстан Республикаларынан түрлі ұжымдар, сондай-ақ Ресей мемлекетінің 60-тан аса қалаларынан қатысушылар жиналды.
Біздің ұжым фестиваль Дипломы және Кубогына қол жеткізді. «Рождественские звёзды» фестивалінде театр әншілері Тамила Рахимбаева және Дарья Иванченко «I'm in Love with a Monster» атты әнді орындап бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар конкурста 1-ші орынды Медина Күмісбек және Мария Варламова иеленді. Медина Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әнін орындап, ал Мария «Калинка-малинка» деген орыс халық әнін орындап берді.
«Свет звезды» ән театрының «Super LIKE» тобының ең кішкентай жұлдыздары мәскеулік сахнада алғаш рет өнер көрсетіп 2-ші орынға қол жеткізді. Олар балаларға арналған поппури орындады. Жас таланттар Оқушылар сарайында өнермен 4 жасынан бастап айналысып келеді.
«Свет звезды» үлгілі ән театрының жетекшісі Елена Валькоға конкурсқа ұсынылған шығармашылық жұмысының кәсібилігі мен жоғары көркемдік деңгейін растайтын сертификат берілді.
Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаеваға «Жизнь городов» фестиваль комитеті атынан алғыс хат табысталып, «Свет звезды» үлгілі ән театрының конкурсқа қатысу үшін ұйымдастырған жұмысы үшін шексіз алғыс айтылды.
Фестиваль қатысушыларын Ресей Федерациясының мәдениет министрі В.Р. Мединский, әншілер Полина Гагарина және Ани Лорак, сондай-ақ ресейлік теле жүргізуші Оксана Федорова қарсы алды.
Фестиваль-форум аясында барлық қатысушылар Кремель шыршасына, Мәскеу циркіне, роллердром, хайуанаттар бағына барды.
Елена Валько, «Свет звезды» үлгілі ән театрының жетекшісінің айтуы бойынша:
- Шығармашылық балалар форумы өте қызық, тартысты өтті. Бұл шара мыңдаған балалардың естерінде маңызды оқиға болып қалады. Байқауда еңбегі сіңген мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері жас ұрпаққа өздерінің шеберлігімен, таланттарымен бөлісті. Ұйымдастырушылар балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлады

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер