Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2

15102018-2

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

2019 жылғы 16 қаңтарда 1 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 8 градус, жел 3 м/с


 

Балалардың қысқы демалысы

 

   Қаламыздың мектептен тыс қосымша білім беру мекелемелерінің бірлескен жоспарына сәйкес қысқы каникул кезінде балаларға арналған мазмұнды, қызықты бағдарлама жүзеге асырылды.
30 желтоқсан күні дәстүрлі түрде «Қайнар» ББК-нде 600 мектеп жасына дейінгі балалар менмектеп оқушыларына «Сиқырлы орманның жеті кереметі» атты жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізілді.
3 қаңтар күні «Маска» үлгілі театралдық студиясының тәрбиеленушілерімен «Рождественские забавы» театралдық-ойын бағдарламасы өткізілді. Оған «Үміт» балалар үйі мен тұрғылықты мекен-жай бойынша аула клубтарының тәрбиеленушілері шақырылды.
«Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешінінің физикалық тәрбие бойынша балалар мен жасөспірімдер клубының жаттықтырушыларымен өткізілген спорттық жарыстардан балалар үлкен әсер алды. Осылайша, 3 қаңтар күні №26 гимназия- мектебінде №2, 11, 18, 22, 25, 26, 36 мектептерінің 5-11 сыныптарының қыз балаларының арасында тоғызқұмалақ бойыншақалалық жарыстар өткізілді. Бұл жарыстарда №18, 11, 26 мектеп оқушылары жеңімпаз атанды. Ал,№17 мектепте 5-8 сынып оқушыларының арасында баскетбол бойынша жарыстар өткізілді. 1-орынды №17 мектеп, 2-орынды №23 мектеп, 3-орынды №4 мектеп иеленді.
«Заря» аула клубында шығармашылық клубтардың тәрбиеленушілері арасында шахмат турнирі ұйымдастырылды. 4 қаңтар күні аула клубтарының 100 тәрбиеленушілеріне «Дельфин» бассейнінде спорттық-сауықтыру бағдарламасы ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында:
- «Су баскетболы» ойыны,
- Жұппен жүзу эстафетасы,
- «Доптарды жинау» ойыны және т.б. өткізілді.
1-10 қаңтар аралығында «ЗЮВС» туристік клубының тәрбиеленушілері Алматы қаласында өткізілген тау туризмі бойынша республикалық жарыстарға қатысты, клуб тәрбиеленушісі Мажиев Әлішер ересектердің үшінші санатындағы туристік тапсырмаларды шебер орындай алды.
Декоративті-қолданбалы өнер бойынша балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырумақсатында 3-6 қаңтар аралағында балалар мен ата-аналарға арналған «Өз қолымен жасалған кәдесый» тақырыбында шеберлік сабақтар өткізілді. Төрт күннің ішінде шеберлік сабақтарға 150 бала және 50 ересек адам қатысты.
Балалар қысқы каникулдарын керемет өткізді

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер