Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2

15102018-2


 

Танымдық қысқы демалыс

 

   Қысқы демалыс кезенінде «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының 16 тәрбиенушілері 2019 жылғы 4-5 қаңтар аралығында Новосібір облысының Карасук қаласында өткізілген Халықаралық бокстан турнирге қатысты.
Турнирдың нәтижесі бойынша 14 оқушы жүлделі орынға ие болды. I орынға ие болғандар Сарсенбек Байболатов № 37 ЖОМ оқушысы, Ернар Серікболсынов, Мақсатұлы Аслан, Мұратов Ілияс № 19 ЖОМ оқушылары, Алихан Бауыржан №12 ЖОМ оқушысы. II орынға ие болды: Орынбаев Бекжар № 5 ЖОМ, Аджибеков Ринат № 2 ЖОМ, Қалым Ернұр № 2 ЖОМ, Қайрден Алихан № 5 ЖОМ, Абдирбаев Динасыл №12 ЖОМ оқушылары. III орын: Сарсенбек Бекболат № 17 ЖОМ, Ақпан Айдар № 9 ЖОМ оқушылары.
Жас боксшыларды дайындаған жаттықтырушылар Сулейменов Бексұлтан Зейноллаұлы және Жаменкенов Ертай Хайроллаұлы.
Дәстүрлі мектептер ата-аналармен бірлесіп демалыс уақытында облыстан тыс жерлерге шығуды ұйымдастырды. Бурабай курорттық аймағында орналасқан Discovery сауықтыру орталығында № 4 ЖОМ 15 оқушысы демалды, «Звездный» орталығында № 29 ЖОМ 35 оқушысы каникул кезеңдерің өткізді. Сонымен қатар № 43 ЖОМ 30 оқушысы Бурабайда демалып, Аяз-атаның резиденциясына барып қайтты.
Екі күндік Астана қаласына саяхатқа № 5 ЖОМ 28 оқушысы жол жүрді. Оқушыларға «Силуэты Астаны» тақырыбында жалпы қала бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына, Тұңғыш Президент мұражайына, Тұңғыш Президент кітапханасына, «Астана Байтерек» монументіне, әскери-тарихи мұражайға, "Нұр әлем" сферасына саяхаттар жүргізілді.
Оқушылар механикалық энергия құру үшін су баспалдақтарын салды, велосипедпен серуендеп, өсімдіктерді өсірді. Бұл сапар Астана қаласының балалар-жасөспірімдер туризм және өлкетану орталығымен бірге ұйымдастырылды. Павлодар облысы бойынша «Альпинизм және құзға өрмелеу федерациясының» басшысы Каримова Марина Раисовна ұйымдастырушы болып табылды. Қысқы демалыс мерзімінде жалпы 30 мың оқушының бос уақыты тиімді ұйымдастырылды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер