Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2

15102018-2

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

2019 жылғы 16 қаңтарда 1 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 8 градус, жел 3 м/с


 

Білікті мамандарды даярлауға арналған IT-орталықтар

 

   Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 22 жоба әзірленген. Соның ішінде балаларға ІТ сыныптар ашу жобасы да бар. Бүгінгі таңда өңірімізде 20 ІТ сынып ашылған.
Павлодар қаласының үш жетекші жоғары оқу орны Аталған IT-сыныптарда жұмыс істеу үшін оқытушыларды дайындау бойынша білім беру басқармасымен бірге оқу бағдарламасын бірлесіп әзірлеп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің рецензиясын табысты алып шықты.
Цифрландыруды дамыту бағыты бойынша Павлодар облысында «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» және «Білікті мамандарды даярлауға арналған IT-орталықтар» партиялық жобалар іске асырылуы жалғасуда.
Бүгін Инновациялық Еуразия университетінің IT-орталығы базасында информатика пәнінің алғашқы 40 мұғалімі «Бағдарламалау», «Робототехника» және «3D-модельдеу» бағыттары бойынша өздерінің ІТ-дағдыларын жетілдіруге кірісті.
Оқуды аяқтағаннан кейін оқытудың үш деңгейлі бағдарламасын әзірлеуді қамтитын қорытынды тапсырмаларды сәтті тапсырғаннан кейін мұғалімдер белгіленген үлгідегі сертификат пен куәлікке ие болады.
- Өткен жылы облыс бойынша 20 IT-сынып ашылды, биыл тағы 40 заманауи IT-сынып ашу жоспарлануда, - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жұлдыз Тайкебаева.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер