Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар облыстық интернет–фестиваліне қатысуға шақырамыз

 Құрметті педагог!

    Егер Сіз сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдаланып, креативті және шығармашыл идеяларға толы болсаңыз «Үздік интерактивті сабақ» атты педагогикалық идеялардың Интернет-фестиваліне (бұдан әрі — Фестиваль) қатысуға шақырамыз.
     Фестиваль жыл сайын интерактивті жабдықтарды білім беру үдерісінде қолдану  аясында педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды оқытушылардың үздік  іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету  мақсатында Павлодар облысы білім беру басқармасы мен Облыстық  ақпараттық технологиялар орталығымен өткізіледі.
      Фестивальге өткен жылғы жеңіпаздардан басқа, облыстың барлық педагогтары қатыса алады.
      Фестиваль 2019 жылғы  1 ақпан  мен 24 мамыр аралығында өткізіледі.
     Әдістемелік және техникалық талаптарға сай ресімделген өтінімдер мен жұмыстар 2019  жылғы 1 ақпан  мен 12 сәуір  аралығында  Ұйымдастыру комитетінің Павлодар қ. Ак.Бектұров көшесі, 14 үй, 1 қабат  мекен-жайы бойынша қабылданады (өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2019 жылғы 12 сәуірде  сағат 18.00-де тоқтатылады).
Қосымша ақпарат 55-20-44 телефоны және http://pvlcit.kz/kz/ сайтында.

«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар облыстық интернет–фестивалінің ережесі>>

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер