Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2

15102018-2

 

 __2

 


 

Биология сабақтарындағы «Виртуальды зертхана» мобильді қосымшасы

 

   Қоғамның дамуының қазіргі заманғы кезеңі оған ақпараттық технологиялардың күшті әсерімен сипатталады, ол адам қызметінің барлық салаларын жаулап алуда. Қоғамды ақпараттандырудың ажырамас және маңызды бөлігі білім беруді цифрландыру болып табылады. Павлодар облысының білім беру саласын дамыту мақсатында «Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ-нің 10-сынып оқушылары Жарова Азелла мен Соловьева Алина облыстық ғылыми жоба жарысына «Биология сабағындағы «Виртуальды зертхана» мобильді қосымшасы» атты тақырыбымен жобаларын ұсынып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Ұсынылып отырған мобильді қосымша арқылы оқушылардың теориялық білімді тереңдетіп, өздігінен зертханалық тәжірибе жасау дағдыларын дамыту мақсатында ұсынылып отыр.
Биология сабақтарындағы «Виртуальды зертхана» мобильді қосымшасының мазмұны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 8-10 сыныптар үшін мектеп оқулықтарының материалдарына негізделіп, зертханалық жұмыстарды орындауға арналған бейне үзінділермен де толықтырылған.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер