Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Мектеп тарихындағы менің отбасымның тарихы

 

   2019 жылғы 2 ақпанда Павлодар қаласы № 28 мектептің 50 жылдық мерейтойы кешінде түлектер кездесуі өтті. Мектепті сағынып, аңсағандар балаларымен, мұғалімдермен, сыныптастарымен, достарымен кездесуге барлық мектеп бітіргендерді жинады. Салтанатты шараға әр жылы бітірген 300-ге жуық түлек келді. Олардың көпшілігі әскериқызметтегілер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, мәдениетқызметкерлері, инженерлер, басшы қызметкерлер, мұғалімдер болып қызмет етеді, ал өткен жылы түлектердің мектеппен, мұғалімдермен байланысы нығая түсті.
Мектеп директоры Мантыкова Гүлмира Сахтайқызы келген қонақтарды мектептің жетістіктерімен таныстырды. Мектепте 818 оқушы оқиды, жалпы білім беретін пәндер, шахмат, робототехника, информатика кабинеттері бар. Мектеп Қазақстандағы бірегей «Балабақша -мектеп - колледж - ЖОО – кәсіпорын» желілік қоғамдастығының жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс істейді. Жоба оқушыларға лайықты білім алуға, алған мамандығы бойынша облыстың алдыңғы кәсіпорындарында жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Оқушылар мен ата-аналар «Мектеп тарихындағы менің отбасымның тарихы» тақырыбына көрме галериясын дайындады. Мультимедия көмегімен «Еске алу шырағы» презентациясын көрсетіп, кеш қонақтары мұғалімдерді еске алды - Валентин Валетинович Конов, дене шынықтыру мұғалімі, Олег Константинович Ленский, музыка мұғалімі, Татьяна Павловна Венцель және Людмила Григорьевна Неплях, математика мұғалімдері. Мектеп түлектері педагогикалық еңбек ардагерлері мен бұрынғы мектеп директорлары Людмила Евгеньевна Дроздова, Наталья Николаевна Овчинникова, Зейнеп Закарьяновна Оспановаларға жылы лебіздерін айтып, ілтипат білдірді. Әр жылғы қалалық «Балауса» байқауының жеңімпаздары мен қонақтарының сөз сөйлеуі көпшілік есінде қалды, олар Нұрсұлтан Ордабаев (2007 жыл), қазіргі уақытта экономист, Марат Султан (2018 жыл) қазіргі уақытта студент. Қалалық «Балауса» конкурсының лауреаттары, мектеп оқушылары Наумчук Анна және Таисия Чернова «Балалық» әнін шырқады, «бала шақ қайда барады?» әнін Владимир Пантелеев орындады, 1987 жылғы мектеп бітіруші, қазіргі уақытта мерчандайзер болып қызмет етеді. Мектеп бітірушілердің мектепке деген алғыстары шексіз, алда да биік шыңдардан көріне беруге тілек айтты. «Мектебіме тағзым» акциясына қатысушылар-мектеп түлектері де өз көмектерін аямады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер