Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2

15102018-2

 

 __2

 


 

Студенттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

 

   2018 жылдың 27 желтоқсанында «Үркер» зияткерлік орталығы «Дарын» РҒПО қолдауымен «Құқықтану» мамандығының студенттеріне, сондай−ақ қоғамдық−гуманитарлық, педагогикалық бағыттағы колледж студенттеріне арналған «Жеті жарғы» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – әлеуметтік ақпараттарды өздігінен алу, зерттеу, талдау, жүйелеу және қорытындылау дағдыларын жетілдіру, теориялық және практикалық оқу барысында алған білім мен дағдыларды бекіту және тереңдету, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Олимпиаданың міндеттері:

-өсіп келе жатқан ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу;
-таңдап алған мамандықтары бойынша кәсіби дағдылары мен іскери қабілеттерін дамыту;
-жеке жұмыс жасау дағдыларын және кәсіби ойлау жүйесін арттыру;
-болашақ маманның жеке еңбек әрекетін іске асыру бойынша кәсіби дайындығын тексеру,
"Жеті жарғы" республикалық қашықтық олимпиадасына ИнЕУ Жоғарғы колледжінің "Құқықтану"мамандығының 96 студенті қатысты.
Аталған мамандық бойынша олимпиадаға дайындық үшін теорияны үйрену ғана емес, сонымен қатар заңнамадағы өзгерістерді үнемі бақылап отыру маңызды: заңдар өте тез өзгереді, тіпті құқық кеңістігіндегі шағын жаңалықтар немесе өзгерістер теріс нәтиже беруі мүмкін. Қатысушыларды заң пәндерінің ӘЦК оқытушылары А. Ж. Маусымбекова, Г. Т. Мырзагожина, З. Е. Қалиева, М. З. Нурбаева, А. М. Кашкенова, А. К. Тортаева дайындады. Олимпиада 27 желтоқсан 2018 жылы өтті. Іс-шара Астана қаласынан тапсырмалар алудан басталды, қатысушыларды орындау регламентімен таныстырды. 3 сағат ішінде "Құқықтану" мамандығының әртүрлі курстарының 96 студенті Олимпиада тапсырмаларын орындаумен жұмыс жасады.
Олимпиада қорытындысы бойынша ИнЕУ Жоғарғы колледжінің қатысуы ең көпті және ең нәтижелі болды: 96 студенттің 61-і жүлделі орындарға ие болды: 12-1орын, 46 - 2 орын, 3студент-3орындарға ие болды. Колледж директорының атына Алғыс хат және белсенді қатысқаны үшін Кубок жіберілді.
Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз, жаңа жеңістер мен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер