Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Отбасылық таланттылар ұясы

 

   Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде Павлодар қаласының қосымша білім беру мекемелері арасында «Отбасылық таланттылар ұясы» конкурс-фестивалін өткізді. Мақсаты - отбасылық шығармашылық дәстүрлерді қолдау және дамыту, қызығушылық пен әуестілік негізінде ұрпақтың отбасылық-туыстық байланысын бекіту. Балалар музыка мектебі, № 19 ЖОМ оқушылары, Кенжекөл ЖОМ, № 11 балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен 3 отбасы қатысты.
Фестиваль шарты бойынша бағдарлама 4 конкурстан тұрды: «Менің отбасым» (таныстыру) - қатысушылар өз отбасыларымен таныстырды. «Отбасылық шеберлік» конкурсында - отбасылық көрме (әртүрлі бағыттағы отбасы орындаған жұмыстарды көрсету). «Анам, әкем және мен - зияткерлік отбасы» конкурсында - отбасы туған өлкенің тарихы мен мәдениетін қаншалықты білетіні туралы сұрақтар қойылды. Конкурс-фестивалінің шарықтау шегі «Таланттылар өрісі» шығармашылық конкурсы болып табылды - қатысушылар музыкалық аспаптарда ойнау, би және вокалдық жанрларындағы шеберліктерін көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша Шокановтар отбасын - «Үлгілі отбасы» номинациясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломын алды. Төрт баладан тұратын отбасы барлық конкурстарда өзара түсіністік, сүйіспеншілік, бірегейлік танытты. Илана мен Жансая Б. Қыдырбековтың «Жаңа қуыршақ» және К. Рейнектің «Скерцино» туындыларын фортепианода ойнап, Даяна отбасымен бірге «Мен қазақпын» әнін шырқады. Анасы қазақтың ою-өрнектерін бисерлермен және гүл шоқтарымен қолдан жасаған ұлттық костюмін көрсетті. «Шебер отбасы» номинациясы Дюйсенбаевтар отбасына бұйырды, отбасы ағаштан және пластиктен жасалған бұйымдар, киізден жасалған қоржын, сәукелелерімен ерекшеленді. Үлкен қызы сәнді бас киімдерді тоқумен айналысады. Немерелері Жоламан мен Еламан домбырада және кларнетте ойнайды. «Өнерлі отбасы» номинациясын Андрющенколар отбасы иеленді, анасы қызымен бірге «Dance» биін биледі. Дарья Оқушылар сарайының «Тип топ» үлгілі би студиясында жаттығады. Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар берілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер