Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Астана қаласынан келген қонақтары «Ақсу» балалар эко-техноорталығы» жұмысымен танысты

13

     

      2019 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Бектенбай Есполов және Мәжілісмендер Магеррамов Магеррам Мамедович, Микаелян Наринэ Гамлетовна жұмыс сапарымен Ақсу қаласына келді. Сапар барысында қонақтар “Ақсу” балалар эко-техноорталығына барды. Орталықтың ғылыми жұмыс жөніндегі меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Л.А. Вольф эко-техноорталығының жұмысымен таныстырды. Орталықтағы IT- сынып, робототехника кабинеттері көрсетілді, онда балалар өздерінің жобаларын қорғады, барлық қойған сұрақтарға жауап берді.
  Сонымен қатар, жасыл технологиялардың демонстрациялық алаңы, «Жасыл әлем» ғылыми қоғамы, «Экоәлем» кабинеті, «Алтын Оймақ», «Вернисаж идей», «Радуга Талантов» шығармашылық шеберханалары, «Эко-туризм», «Өлкетану», «Авиа және судо-моделирование» бірлестіктерінің жұмыстарымен таныстырылды.
   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орталықта балаларға «Тоғыз құмалақ», «Асық ату» сияқты ұлттық ойындар үйретіледі. Сондай-ақ, су айдынында сурет салу - «Эбру» түрік техникасы бойынша қонақтарға шебер-сынып өткізілді, аталмыш шараға Андрей Валентинович Подъячев белсене қатысып, сурет салды.
    Қонақтар орталықтың қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне барлық бастамаларына зор шығармашылық табыстар тілеп, “Ақсу” балалар эко-техноорталығының жұмысы туралы және болашақтағы даму перспективалары туралы біліп, жағымды әсерлерлер алып кетті.

 

12

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер