Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

15102018-2

15102018-2

 

 __2

 


 

«Анастасия» клубы республикалық «ASTANA SNOW FEST» фестивалінде жеңіске жетті

 

   2019 жылдың 3 ақпан күні М.М.Катаев атындағы «Анастасия» би-спортық клубы «ASTANA SNOW FEST» ашық республикалық спорттық-балдық би фестиваліне қатысты. Аталмыш фестиваль Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында өткен болатын. Би жарысына Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавловск қалаларынан бишілер қатысқан болатын. 500 қатысушының ішінен біздің балалар бірнеше жүлделі орындарға ие болды. 1 дәрежелі дипломдар мен медальдарды Мирсана Кудайкулова, Айза Бекбауова, Амира Бекбауова, Ельназ Куантаева иеленді. 2 дәрежелі дипломдармен Ислам Жагупаров - Жасмин Ерсаинова, Серікболсын Оспанов - Айзиза Бектурова және Айдана Каир марапатталды.
- Конкурс өте жоғары дәрежеде өтті. Қазылар алқасы Халықаралық жарыстарға қатысу үшін ең лайықты спортшыларды таңдап алды. Біздің клубты Шымкент, Тараз, Санкт-Петербург қалаларына конкурсқа қатысу үшін шақырды, - деп өз ойымен бөлісті «Анастасия» клубының жетекшісі Виолетта Никитина.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер