Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Жас зерттеушілердің жобалық қызметі

IMG-20190416-WA0030

  


 Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернат оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. Соның жарқын дәлелі  9-сынып оқушылары Айдана Жабайханова және Әділ Сағынтай өз жетекшілері З.Ж. Зейноллина басшылығымен «Рухани қасиетті жерлер - біздің өңіріміздің қасиетті географиясы» жобасында жұмыс істеді.

Жақында ғана Петропавл қаласында Есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының 75 жылдығына орай халықаралық конференция  өткен еді. №1 мектеп – интернат оқытушылары М.Ж.Абенова, Г.Ш.Ахметова және тәрбиеші А.А. Сыздықова аталған жиында баяндамалар жасады, сондай-ақ оқушылар жобасын ұсынды. Жоба жоғары бағаланып, халықаралық деңгейде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 Балаларды бірінші жетістіктерімен құттықтаймыз.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер