Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560




 

«VІІ Ахметов оқулары. Заманауи білім беру үдерісі: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

   2019 жылдың 18 сәуірінде Павлодар облысының білім беру басқармасы Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжімен бірлесе отырып, «VІІ Ахметов оқулары. Заманауи білім беру үдерісі: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференцияның мақсаты – колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің, мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерінің заманауи білім берумен байланысты мәселелердің өзектілігімен теориялық ой толғау, ғылыми-әдістемелік, инновациялық қызметтерін ынталандыру; ғылыми-практикалық тәжірибені анықтау және тарату, сондай-ақ мұғалімдер мен тәрбиешілердің практикалық тәжірибесін қорытындылау, теориялық есептер тәжірибесін негіздеуді білу, кәсіби бағдар бойынша оқушылармен жұмысты жетілдіру, зерттеу ұжымдары мен шығармашылық байланысты қалыптастыру. Конференция жұмысына Павлодар облысының білім беру басқармасының өкілдері, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық құрамы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушы-профессорлық құрамы, Беларусь республикасы Минск қаласының педагогикалық колледж оқытушылары, А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Өскемен, Семей, Петропавл, Қарағанды, Қостанай және облыс колледждері, мектеп пен мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері қатысты.
Конференция басында дәстүр бойынша педагогикалық колледжінің скверінде орнатылған ескерткішке педучилище түлегі(1933ж.), Ұлы Отан соғысының қатысушысы, директор (1948ж. – 1972ж.) Б.А.Ахметовке арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.
Зейнуллина Айман Файзуллаевна - С.Торайғыров атындағы ПМУ ф.ғ.к., доцент, профессор, «Қазақ тілі және журналистика» кафедрасының меңгерушісі «Латын әліпбиін меңгерту әдістемесі» тақырыбында, Ашимбетова Роза Дүйсеновна - «Павлодар облысы бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының» «ӨРЛЕУ» АҚ филиалының директоры «Н:Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында, Ахмедиева Ляззат Қайратовна - Павлодар облысының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы «Инклюзивті білім беру» кабинетінің меңгерушісі «Особенности преподавания и обучения в образовательных организациях, реализующих инклюзивное образование» тақырыбында, Кинжикова Шолпан Духтурбаевна - «Ана тілі» ЖШС орталығының директоры «Жаңа технологияларды және авторлық ана тілі мобильдік қосымшасын қолдану» тақырыбында, Байдаулетова Гульназира Тұрархановна - Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің оқытушысы «Атадан қалған мұрамыз – Ана тілі – «Рухани жаңғырудың» негізгі қазығы» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияға қатысушылар аталмыш баяндамашылардың берген ақпараттары өте мазмұнды, пайдалы, заманауи екендігін атап өтті.
Конференцияның екінші бөлігі «Жаңартылған бағдарлама аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» видео-презентация, «Латын графикасына көшу-заман талабы» дөңгелек үстелі, «Инклюзивті білім беруді жалпы білім беру үрдісіне енгізу мәселелері», «Ұлы даланың жеті қыры: сананың ашықтығы – Қазақстан Республикасы азаматының тұлғалық ерекшелігі» бағыттары бойынша төрт тақырыптық секциялық отырыстарда өткізілді.
Секциялар жұмысы тәрбие және білім беру саласында практикалық және инновациялық тәжірибесімен алмасу алаңына айналды . Конференция жұмысында баяндамаларын ортаға салу аяқталысымен сараптама комиссиясының отырысы болды, мұнда модераторлар конференция жеңімпаздарымен жүлдегерлерін анықтау бойынша шешім шығарды. Барлық авторлар «VІІ Ахметов оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушыларының сертификатын алды. Әр секцияның жеңімпаздары Дипломға ие болды.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер