Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

«Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» облыстық конкурсына қатысуға шақырамыз

 

   2019  жылғы  4 мамырдан бастап ұлттық тұтастықты күшейтудiң ең маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi дамыту басымдылығын нығайту, мемлекеттiк тілдегі бiлiм беру Web-ресурстарының толық масштабты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге мүмкiндiгін туғызу мақсатында «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» атты облыстық конкурс жарияланады.
Конкурс ұйымдастырушылары: Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.
Конкурс екі кезеңмен өткізіледі:
1.    Іріктеу кезеңі: 2019 жылғы 4 мамыр мен 31 мамыр аралығы
2.    Ақтық кезең: Іріктеу кезеңінен өткен Web-ресурстардың қорғауы 2019 жылғы 7 маусымда өткізіледі.
Конкурсқа, өткен жылда 1-орынға ие болған қатысушылардан басқа, өз еркімен барлық Павлодар облысының білім беру ұйымдары қатыса алады.
Іріктеу кезеңінің нәтижелері білім беру басқармасы (http://edupvl.gov.kz мен ақпараттық технологиялар орталығы (http:// pvlcit.kz) сайттарында 2019 жылғы 3 маусым күні жарияланады.
Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
1.    Мемлекеттік тілдегі білім бөлімінің үздік сайты;
2.    Мемлекеттік тілдегі білім беру мекемесінің үздік сайты (мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептері);
3.    Мемлекеттік тілдегі білім беру мекемесінің үздік сайты (интернаттық ұйымдар мен балалар үйі, қосымша білім беру ұйымдары);
4.    Мемлекеттік тілдегі білім беру ұйымының үздік сайты (ТжКБ- техникалық және кәсіби білім беру).
Өтінімдер 2019 жылғы 4 мамырдан 31 мамырға дейін konkurscit@bk.ru электрондық поштасында қабылданады.

Конкурс ережесі>>>

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер