Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

«Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарлама

 

«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» 133-тармағына сәйкес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке әріптестерден баламалы ұсыныстарды тарту мақсатында «Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру» жобасына (бұдан әрі - МЖӘ жобасы) бастамашылық ету туралы хабарлайды.
МЖӘ жобасын іске асыру шарттары:
Жекеменшік мектепке дейінгі балалар ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы МЖӘ жобасын іске асыру.
Қызметті алушылар саны - 65 бала.
МЖӘ жобасы кезеңінде мемлекеттік білім беру тапсырысының жоспарланған сомасы – 80,7 млн. теңге.
МЖӘ жобасын іске асыру тәсілі және шарт түрі – сервистік шарт.
Тікелей келіссөздер тәсілімен жекеше әріптесті айқындау.
Негізгі міндет МЖӘ шарты аясында балалар мекемесінің балаларын мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша тәрбие және білім беру қызметін жүргізу бойынша қызметтерді ұсыну болып табылады.
МЖӘ жобасының алдын ала мерзімі 5 жылды құрайды. Жобаны Павлодар облысының Павлодар қаласында іске асыру жоспарлануда.
Жоспарланып отырған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес баламалы ұсынысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 жылғы №725 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» 130-тармағына сәйкес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысу үшін өтінім ұсынады.
Баламалы ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Көрсетілген мерзімдер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап есептеледі.
Соңғы балама өтінімді ұсыну мерзімі - 14.06.2019 жыл.
Жобаға қатысуға қызығушылық білдірген жағдайда толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (7182) 32-29-69, e-mail: kayrusheva.asiya@pavlodar.gov.kz ескерту.
Мекенжайы: 140000, Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32, 430-кабинет.
Уәкілетті тұлға – Асия Болаткалиқызы Қайрушева.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер