Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Павлодарлық оқушылардың «Бастау» турниріндегі жетістіктері

 

   Алматы қ. Назарбаев зияткерлік мектебінде 2019 жылғы 9-12 маусым аралығында 2-4 сынып оқушылары арасындағы «Бастау» XII республикалық математикалық турнирі өткізілді.
Павлодар облысының атынан VІ облыстық математикалық турнирінде жеңімпаз атанған дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің (жетекшісі - Тулеутаева Т.Б.) және дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының (жетекшісі – Кравчук Г.Н.).командалары қатысты.
Жеке біріншілікте ІІІ дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 2, 3 сынып оқушылары Смирнова Василина және Манин Дмитрий марапатталды. «Дарын» РҒПО-ның Құрмет грамотасына дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 4 сынып оқушысы Титков Дмитрий және дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің оқушылары Юсупов Нурсултан, Изуева Амина, Қали Асанали ие болды.
Елбасы – Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қорының қолдауымен барлық турнир қатысушыларына – үш тілде құрылған естелік қызықты кітаптар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерғе сыйлық сертификаттары табысталды.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер