Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 

 


 

«ЖАС ТОЛҚЫН - 2019» ТҮЛЕКТЕР КЕШІ

 

   Биыл Павлодар облысында 3590 түлек үлкен өмірге қадам басты Мектеп бітірушілерге арналған «Жас Толқын 2019» кеші Орталық стадионда өтті. Былтыр бұл мереке қалалық жағалауда өткізілген болатын. Мектеп түлектерінің 157-сі оқуын «Алтын белгіге» аяқтаса, 126-сы үздік аттестаттарға ие болады.
Мұғалімдердің ұйымдастырған флешмобы кештің көркін қыздырды. Осылайша сынып жетекшілері оқушыларымен қош айтысты.
2019 жылғы түлектер арасында 17 түлек республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, 8 түлек – республикалық ғылыми жарыстардың жүлдегерлері. Сонымен бірге, мектеп бітірушілер арасында 50-ден аса спорттық жарыстар жеңімпаздары да бар.
- Құрметті түлектер, сіздер өңіріміздің ғана емес, бүкіл елдің экономикасын, білім беру саласы мен технологияларын дамытуларың керек. Мақсатқа жету үшін еңбектену керек. Үлкен жолды бастағалы тұрсыңдар және де сол жолдың алғашқы қадамын жасадыңдар. - деді құттықтау сөзінде өңір басшысы Болат Бақауов.
Өңір басшысы үздік деген оқушыларды «Алтын белгілермен» марапаттады.
Осы жолы мектеп бітірушілерге арналған концертте 70 әртіс өнер көрсетті. Мерекелік ән кеші қазақстандық эстрада жұлдыздары Айқын Төлепбергенов, Зируза Тасмағамбетова, Bonapart және Иса Байзақов атындағы облыстық филармония және «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-ойын сауық орталығының өнерпаздарының қатысуымен өтті. Түлектер кеш бойы естелік сыйлықтар табысталған байқауларға қатысты.

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер