Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Армандар орындалар мекені

 

   Өткен жылы павлодарлықтардың суықтан неге тоңбайтынын түсіндім. Ертіс өңірінде сені тек күннің жылуы ғана жылытпайды екен. Мұнда түрлі жағдайларда бір-бірін қолдайтын өте жылы, қуанышты адамдар өмір сүреді. Бұл жерде өзін-өзі дамыту үшін тамаша жағдай жасалған, және сенің армандарыңның дәл осы жерде орындалатынын түсінген кезде, оның қысқы аязды кештері де жаныңа жылу береді.
Мен Ертіс өңіріне арман қуып келген едім. Кез келген жас қазақстандық сияқты, мен сұранысқа ие болуды, жақсы жұмыс істеуді, өз үйімді армандадым. Сол себепті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген соң, Павлодар облысына көшуге шешім қабылдадым. Жұмыспен қамту және еңбекші көшіп-қонушылардың қоныс аудару бағдарламасы туралы көп естіп, соған тәуекелге бел буып қатыстым және қателеспедім.
Менің арманым толық орындалды деп әлі айта алмаймын. Әзірше бәрі емес, бірақ мен оларға біртабан жақындап келемін. Біріншіден, мұнда мен шыны керек, жалақысы жақсы төленетін, беделді жұмысты қиындықсыз таптым. Иә, оқытушы-бұл беделді жұмыс деп түсінемін.
Міне, бір жыл бойы "Кәсіпқор"холдингінің рейтингісінде -Қазақстанның үздік ауылдық агроколледжі аталған Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінде жұмыс істеймін . Бұл жай ғана сөз емес, бұл тамаша материалдық-техникалық база, жұмысы қызып жатқан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастық, заманауи білім беру технологиялары. Мұнда тек оқу ған қызықты емес, мұнда жұмыс істеу де өте қызықты!
Мені Ветеринария бойынша арнайы пән мұғалімі ретінде барлық ұжым, колледж басшылығы қолдады. Университетте алған білімдерімді мен сияқты, оңтүстіктен елдің солтүстігіне келген студент-серпіндіктерге беремін. Бірақ мен өзім де оқыта жүріп, көп нәрсені үйренемін, тәжірибелі тәлімгер - Ерсаин Қабидоллинович Дүйсенов өзінің көпжылдың тәжірибесін менімен бөлісті. Сонымен қатар әріптестерімнің де қолдауы маған көп көмек болды. Ал алдағы жалақымның көтерілуі кезекті реттегі жұмыстарыма байланысты болмақ.
Екіншіден, бағдарламаға қатысушы ретінде жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы бір жылдың ішінде маған тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтейді. Былайша айтқанда, мен пәтерге ақша төлемеймін, мемлекет төлейді.
Бұл маған "7-20-25"бағдарламасына қатысу үшін бастапқы жарнаға қаражат жинақтаудың кезекті мүмкіндігі болып тұр. Мен өзіме мақсат қойдым, және бұл менің арманымның орындалып өз үйім болатынына жақындатады. Мен көшіп келгеніме субсидия да алып қойдым.
Үшіншіден, мұнда маған жай ғана қол қусырып отыруға, уайымдауға уақыт жоқ. Қазіргі заманауи әлемде бұл жалпы молшылық екеніне сенімдімін. Мені сынып жетекшілік қызықтырды, студенттер тобымен ортақ тіл табысу. Өткен жылдың қазан айында мен "НұрОтан" партиясына кірдім, қазір "Жас Отан"Жастар қанатының Павлодар аудандық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келемін. Бұл өзін-өзі дамыту үшін тағы бір мүмкіндік, жастарға арналған тағы бір әлеуметтік баспалдық.
Мен үшін жаңа тәжірибе "Жасыл ел" студенттік жасағының Красноармейка ауылын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмысын ұйымдастыру болды. Біздің коворкингте және бизнес-инкубаторда көптеген іс-шаралар, Ертіс өңірінің танымал тұлғаларымен кездесулер өтіп, онда балалардың өздерінің кәсіпкерлік жобаларын қорғауға мүмкіндіктері бар. Қазіргі менің мақсатым – арманыма қарай қадам басу.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер