Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Ақсу қаласында «Жас толқын - 2019» кеші өткізілді

 

   12 маусымда Мемлекеттік рәміздер алаңында «Жас толқын - 2019» бітіру балы өткізілді. Биыл қала және ауыл өңірінің 18 мектебінің 11-сыныптарында 297 оқушы мектеп бітірді.
Қала әкімі Балғабай Жұмағұлұлы Ыбыраев қатысушыларды, мереке қонақтарын құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді.
«Алтын белгі» төс белгісіне 17 түлек, 11 түлекке үздік аттестат табыс етілді.
Салтанатты рәсімнен кейін дәстүр бойынша ата-аналар балаларымен мектеп вальсін биледі.
Кештің концерттік бөлімінде білім бөлімінің басшысы Қ. Т. Смағұлов Балалар шығармашылық үйінің «Мерей» вокальдық ансамблімен және Қалқаман ауылы орта мектебінің директоры Солтанхан Арыстанбек өз оқушыларының сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Кештің соңында барлығы «Жұлдызды жаңбыр» мерекелік концертіне шақырылды.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер