Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

«Оқу жылдамдығын қос та, велосипед ұтып ал» акциясы

20190613 121346

  

   Интернетке тәуелді заманда балаларды кітап оқуға отырғызу қиынның қиыны. Осы мәселені шешу жолында көп әрекет жасадық. Материалдық тұрғыда қолпаштау мақсатында, Мау ауданы Малайсары жалпы орта білім беру мектебінде мамыр айында оқу жылдамдығының динамикасы бойынша акция бастадық. Акцияның шарттары бойынша ең жоғары динамика көрсеткен оқушылар велосипедпен марапатталуы тиіс. Мамыр айының 23-і күні оқу жылдамдығы тексерілген кезде 7-сынып оқушысы Ахметжан Аида оқу жылдамдығын 202 сөзге дейін көтеріп, соңғы қоңырауда велосипедін мініп кетті. Маусым айында оқу жылдамдығы қайта бақыланды. Қорытындысы бойынша 7-сынып оқушысы Жакупова Ризагуль 212 сөз оқып, түлектер кешінде салтанатты түрде велосипедін иеленіп кетті.
   Әрине, бұл акция алдағы уақытта да жалғасын табады. Қазіргі уақытта мектепте әлі де 7 велосипед өз иелерін күтуде. Келесі кезекте астана күніне велосипед табыстауды жоспарлап отырмыз. Сондықтан да біздің оқушылардың күні бйоы интернетте отыруына уақытары жоқ.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер