Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтың тоқтатылуы жайлы ақпарат:

2020 жылғы 24 қаңтарда 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура 0 градус, жел 5-13 м/с.

 

 


 


 

Жетістікке жетіп жолдама ұтты

IMG 3745

        
    
​     Малайсары мектебінің оқушылары үшін өткен оқу жылы табысты болды. Оқушыларымыз республикалық, облыстық байқаулардың төрінен көрінді.  Олардың ішінде Астана қаласында өткен«Тіл – мемлекеттік тәуелсіздігімнің символы», «Зерде» ғылыми жобалар байқауы, облыстық математикалық турнир, оқушылардың ғылыми жобалар байқауы, Шәкәрім оқулары, Bala business, латын әліпбиінен жаппай диктант жазу, қауіпсіз жол инспекторлары. Аталған байқаулардың жеңімпаздарын баптаған мұғалімдер аудандық білім бөлімі тарапынан, мектеп тарапынан ақшалай сыйақыға ие болса, оқушылар маусым айының соңында Алматы қаласында орналасқан «Алматау» жазғы сауықтыру лагерінің жолдамасына ие болды. Жолдамалар 7 оқушыға түлектер кешінде салатанатты түрде табысталды. Әрине, оқушылардың қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көзі жанып тұрған оқушының жүзі мектеп үшін алтын қазына. Осындай жолдаманы табыстаған мектеп түлектеріне алғысымыз шексіз. Оқушыларымызға жазғы демалысын сәтті де қызықты өтуін тілейміз.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер