Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Барлығы бірі үшін, бірі барлығы үшін

IMG 5284

 

13 маусымда балаларға арналған ең жарқын, әсерлі шаралар өтті
Мектеп жанындағы лагерьлер үшін «Жас спортшылар клубына» кіру ұсынысы берілді. Командалар 7 спорттық - ойын эстафетасына қатысып, өзінің спорттық дайындықтарын, «спорт викторинасы» ақыл-ойға арналған жаттығуында өз ІQ көрсеткіштерін көрсетті. Ең бастысы спорттық бағдарламалардың басқалардан айырмашылығы - бұл тәртіп пен командада жұмыс істей білу. Балалар өздігінен сырғанайтын құралда басқаларын басып озуға, секіретін үлкен доптарда секіре алуда, кішкентай шарды құлатпай қасықпен алып жүруде және басқа да спорттық ойындарда аса қызығушылықпен жарысты. Жеңімпаз жинаған баллдардың ең көп саны бойынша анықталды, ереже бұзғаны үшін айыппұл балдары есептелді. «Жас спортшылар клубы» тартысты күресі барысында №8 ОМ мектеп жанындағы лагерьдің ұл, қыздары чемпион болды. 2-орында - №4 ОМ, 3-орында лицей мен аутсайдерлер арасында №7 ОМ командасы. Командалар мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара мультфильм тамашалаумен аяқталды. Шараға барлығы 169 бала қатысты.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер