Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Тарих – туған жерден басталады

aebd67f5-fa2e-432a-b996-3c98f30d3ef0

  

    Әр мектепте өз мұражайының болуының маңыздылығы өте зор, өйткені мұражай – халқымыздың рухани-мәдени байлығы, рухани отаны. «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Май ауданы Саты жалпы орта білім беретін мектепте жаңартылып, қазіргі заманға сай жаңадан «Атамұра» атты мұражай ашылды. Мектеп мұражайы оқушылардың тарихи танымын арттырып, жобалық зерттеу білік, дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және өзінің туған жері мен мектебінің тарихымен танысуға мүмкіндік береді. Мектеп директоры А.Анафина бастаған мұражай штабы құрылып, мұражай күрделі жөндеуден өтіп, жәдігерлері жаңартылып, толықтырылды. Мұражайдың жабдықтарын алуға мектептің 1981 жылғы түлегі Ақсу қаласының әкімі Б.Ибраев, 1979ж, 1985ж, 1993ж, 1995ж, 1998ж, 2003ж, 2004ж, 2006ж түлектер демеушілік жасады. Мектеп әкімшілігі мектебін ұмытпай қолдау көрсетіп жүрген түлектерге алғыс білдірді. Мұражайдың лентасын салтанатты түрде көп жылдар бойы мектепте ұстаздық қызмет атқарған ардагер ұстаз, Білім беру саласының Үздігі С.Алдабергенова және мектеп түлегі әрі ұстазы Б.Сагалиев кесті. Мұражайдың алғашқы экскурсиясы өткізіліп, «Қадірлі қонақтар кітабына» қонақтар қолтаңбасын қалдырды. «Алғыс кітабында» мұражайдың ашылауына өз үлестерін қосқан мұғалімдер мен демеушілерге алғыс жазылды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер