Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Qazaq camp: Omby-Ertis

19062019---8888

        Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық кодты сақтау және жүзеге асыру мақсатында Ертіс ауданының Северный жалпы орта білім беру мектебінің «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагері жұмысының жоспары бойынша ұлттық мәдениет және қол өнер апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты ұмыт болып бара жатқан қазақтың салт дәстүрін, әдет ғұрпын біздің болашақ ұрпағымызға насихаттау болып табылады. Ата-бабамыздан қалған мұраны сақтай отырып, салт-дәстүрімізді одан әрі дамыту, ұлттық мәдениетіне тәрбиелеу бұл жобаның басты мақсаты болып табылады.
     Омбы қаласы №97 мектебінің окушыларын қатысуымен «Бір күн ауылда» іс-шарасы ұйымдастырылды. Алдымен мектеп оқушылары мен Семенов Бауыржан Сакенұлы ауылымыздың тоғайына барып, шалғымен шөп шабуды көрсетті. Жусуповтар ағайындылары балаларға атқа міну дәстүрін көрсетіп, бірнеше балалар атқа мініп көрді. Бұдан кейін бір топ қыздар Полтарак Ирина Ивановнаның үйіне барып бұрынғы кезінде біздің әжелерімізден қалған ағаштан жасалған күбіде май пісу тәсілімен танысты. Ауылдың қадірменді тұрғыны Мәриям әже балаларға нан пісіру, құрт пісіру әдісін көрсетті. Бір күн ауылдың тіршілігін көрген балалар самауырынның шайы, сары майы, ақ жаулықты әжеміздің қолымен иленіп, үй пешіне салынып піскен нанның берекелі екеніне көзі жеткізді. Балалардың айтуынша нан өте дәмді және дүкеннің нанымен салыстыруға келмейді. Сапар балалардың әжемізден ақ бата алумен аяқталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер