Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Балаларды қызығушылығы бойынша қамту

IMG 47511
  

    Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының  «Әлем. Бала» жоба аясында 2019 жылы 18 маусымда қалалық ойын-сауық орталығында «Cтилисты - 2019» жазғы шығармашылық жобасының «Шаштаразшылар» II туры өткізілді. Байқау мақсаты - қызығушылығы бойынша балаларды қамту, жазғы демалыс кезеңінде балалардың шығармашылығын дамыту және қолдау. Байқауға қаланың 27 жалпы білім білім беру мектебінен 438 оқушы қатысты.
Шығармашылық топтар қалалық ойын-сауық орталығының сахнасында  ұмытылмас және әсерлі шеберлік сабақтар көрсетті. Байқау бағдарламасында команданың 10 сән үлгісі композициясын  ұсынған кезде шығармашылығы және ерекшелігі, шаш үлгісін суреттеуі ескерілді. Сәнді шашты көрсету музыкамен сүйемелденді. № 26, 42 мектеп оқушыларының орындауы  қызықты болды.
Олар сахнада кешкі, үйлену тойының, күнделікті сәнді шаш үлгісін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша 6 жүлделі орындар анықталды,оның ішінде  I дәрежелі дипломға № 26 ЖОМ «Стильные штучки» командасы, II дәрежелі дипломға № 42 ЖОМ «Иллюзия реальности», № 21 ЖОМ «Звездные принцессы» командасы, III дәрежелі дипломға № 39, 30, 25 ЖОМ командасы иеленді. «Золотой локон» номинациясымен № 6 мектеп командасы, «Стильная прическа» номинациясымен - школы № 4 мектеп командасы марапатталды, белсенді қатысқаны үшін № 19, 28, 34, 35 ЖОМ белгіленді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер