Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Географиялық білімнің дәні

Screenshot 20190610-103314_2

      

       Жазғы лагерді ұйымдастыру жұмыстары аясында профильді лагерьлер іске қосылды. Солардың бірі 5-6 сыныптарға арналған «Өлкетану». Аталған лагерьді география пәнінің мұғалімі Степовая Татьяна Юльевна ұйымдастырды. Оған бағдарламаны түзу, жұмыс жоспарын жасау жүктелді. Лагерь 3-14 маусым аралығында жұмыс істеді. Лагерьге 15 бала келді. Оқушылардың негізгі жұмысы егін егу. Бұл балардың өсімдіктер дүниесін меңгеріп, білімін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, мектепте теориялық тұрғыда өткен тақырыптарды практикалық түрде меңгереді. Егіндік тәжірибесі мынадай тапсырмаларды жүктейді: оқушыларды түрлі табиғи ресурстармен таныстыру, егістік жұмыстарын түсіндіру; компонентарлық байланыстарды көрсетіп, маусымдық және көпжылдық өсімдіктердің атропогендік өзгерісін де ұқтыру. Практика барысында география, топограф, ландшафшылардың жұмысымен танысып, аэрофотосуреттер мен топографиялық карталарды көреді, тұрғылықты жердің картасын жасап, ботаникалық бақтарды табады. Практика кезінде ғылыми зерттеу жұмыстары, жеке оқу тапсырмалары, өңдеу істері, аналаз жасау, егістікті бақылау, ғылыми модельдер әзірлеумен, карта,профильдер,графиктер, математика – статистикалық, т.б айналысады. Географиялық практикум оқушыларды өздігінен ізденуге , жаңа білім табуға үйретеді. Өз тұрғылықты мекен-жайының ерекшелігін көріп, өзінің зерттеуін жасауға мүскіндік береді. Осылайша «Географиялық білімнің дәні» бала бойына егіліп, оқу процесінде үлкен көмек көрсетіп, тақырыпты меңгеруіне мүмкіндік туғызып, қызығушылығын арттырады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер