Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Республикалық «Мағжан оқуларында» павлодарлық оқушы жүлделі болды

IMG-20190619-WA0030

         Ақын Мағжан Жұмабаевтың туған жері – Солтүстік Қазақстан облысының Сарытомар ауылында 2019 жылғы 17-18 маусым күндері республикалық «Мағжан оқулары» өткізілді.
     Өңірімізден облыстық кезенінің жеңімпаздары – 3 оқушы жіберілді: «Толқынмен толқын сырласып...» – ақынның шығармашылығы бойынша зерттеу жұмысын қорғауда Екібастұз қаласы №2 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Нұржанова Айнагүл; «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған...» – жас ақындар бағытында Баянауыл ауданы Ш.Айманов ат. ЖОББМИ 10 сынып оқушысы Базарбай Азамат;  «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім...» бағытында дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин ат. облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Муканова Сабина.
   Республикалық конкурс қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен Баянауыл ауданы Ш.Айманов ат. ЖОББМИ 10 сынып оқушысы Базарбай Азамат марапатталды.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер