Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 

 


 

Станция бойынша «IQ fest» зияткерлік ойын

WhatsApp Image_2019-06-20_at_14.45.27_2

   2019 жылы 20  маусымда  «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қалалық ойын-сауық орталығында «Керемет» жазғы жобасының   «IQ fest»   II туры өткізілді. Мақсаты - шығармашылық қызмет негізінде бейіндік шығармашылық топ құру, жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін белсендіру болып табылады. Зияткерлік байқауға   қаланың 21 жалпы білім беру мектебінен 269 оқушы қатысты.
   Байқау шарты бойынша ойын қатысушылары «IQ fest» - «Удивительный квадрат», «Логическая головоломка», «Соображалка», «Полиглот», «Что? Где? Когда?», «Реши кроссворд, отгадай загадку», «Отгадай пословицу» станциялары  бойынша  саяхат жасады. Осылай алған тапсырмаларына таңдалған жауапты дәлелдеу үшін , өздерінің білімдері мен іскерліктерін көрсетуге талаптанды. «Удивительный квадрат» станциясында № 39 мектеп командасы өзінің  креативтік ойын  көрсетті, логикалық тәсілмен ойжұмбақтарды шешті. «Полиглот» станциясында № 16, 43, 34 мектеп командалары қазақ, ағылшын,орыс тілінде білімдерін көрсетті.
    Әрбір команданың қорытынды бағасы барлық станцияда командаға қойылған ұпай санынан, жалпы саны қойылды.   6 жүлделі орын анықталды, оның ішінде I дәрежелі дипломмен № 39 ЖОМ «Stars»  командасы, II дәрежелі дипломмен № 16 мектептің «Динамид» командасы, № 43 мектептің «Бүркіт» командасы, III дәрежелі дипломмен № 9, 14, 25 мектеп  командалары марапатталды. «Логическая головоломка» номинациясымен № 26 мектеп командасы, «Полиглот» номинациясымен - № 34 мектеп командасы марапатталды. Белсенді қатысқаны үшін № 6, 21, 29, К. Макпалиев атындағы ЖОМ оқушылары  дипломмен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер