Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Сүйікті кинофильм және мультфильм өлеңдері және музыкамен би импровизациясы

IMG 4904

     Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының  «Әлем. Бала» жоба аясында  2019 жылы 19 маусымда  «Танцор диско» жазғы жобасын жүзеге асыруға 36 жалпы білім беру   мектеп жанындағы лагерьлердің 722 оқушысы қатысты. Әділ қазы құрамына Әкелер кеңесінің өкілі Чернышов  Максим Николаевич, «Жасыл Ел» қалалық штабының жетекшісі  Рахимжанов  Ризат  Русланович, «Нұр» ансамбль  бишісі  Бондаренко Татьяна  Юрьевна  енді.
   Оқушылар  сүйікті   кинофильм  өлеңдері  және  музыкамен би композициясын көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарына ең  иілгіш,ырғақты,креативті мектеп бишілері енді. № 9 гимназия-мектебінің «Русские пляски» команданың ұлдары мен қыздары  «Варенка» биімен көрермендерді таңқалдырды. Байқау жеңімпазы «Буратино», «Антошка», «Красная шапочка», «Ну, погоди», Маша және Витя, Иван Царевич оқиғасы  кинофильм сазына көрнекті және әзіл-сықақ  попурри үшін  № 26  ЖОМ  командасы атанды. II орынға № 34, 39, 43, Жетекші ЖОМ кішкентай бишілері ие болды. № 34 ЖОМ оқушылары  «Поворята» биін шапшаң орындады, көрермендерді креативтік идея және әсерлі, қызықты костюмдермен таңдандырды. № 39 командасы «Танцор диско» кинофильм әуенімен үнді  костюммен  үнді биін орындады , № 43 ЖОМ оқушылары «Охотники за приведением» биімен аңшылар қалай елес аулайтынын көрсетті. Жетекші ЖОМ командасы «Катерок» мультфильмнің  өлең сазымен  «Чунга - чанга» күлкілі биін ұсынып, ертегі  теңізінде болғандай болды. III орынды  «Волшебный мир Диснея», әзіл-сықақ  попурри Гайдая, «Кукла және Буратино», үнді сериал «Танцор диско», «Электроника»  фильм ағымы бойынша импровизация биі үшін № 5, 17, 21, 27, 28 ЖОМ ұжымы алды.
   «Танцевальный серпантин» номинациясында № 24 ЖОМ бишілері ашық  костюммен «Элвин және  бурундуки» сүйікті мультфильм  музыкасымен орындады. «Грация» номинациясында № 40 ЖОМ оқушылары  «Чернобыль» сериалынан саундтрек орындады, «Ритмы планеты» номинациясында № 16 мектеп-гимназияның оқушыларымен   флеш-моб ұсынылды, «Креативность» номинациясында «Монстры хайс» мультфильмнен «Сами» би командасы жеңіске жетті. Белсенді қатысқаны үшін  К. Бекхожин, Б. Момышұлы, М. Ауэзов атындағы , № 15, 19, 29, 30, 33 ЖОМ мектеп ұжымдары  марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер