Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Балалар жұмысындағы мультфильм кейіпкерлері

IMG 4929

         «Әлем Бала» жоба аясында 2019 жылы 20 маусымда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Летние чудеса» қалалық жазғы жобасының «Необычные краски» асфальттағы сурет байқауының I туры өткізілді. Мақсаты - көркемдік өз болмысын көрсету үшін  мүмкіншілігін ұсыну,шығармашылық белсенділігін дамыту. 30 жалпы білім беру мектеп жанындағы лагерьлерден (№ 1, 4, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 13, 14, 16, 17, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 32, 33, 34, 36, 39, 41, 42, 43, Кенжекөл мектептерінен ) 438 оқушы қатысты.
Балалар өздерінің жазғы демалысын пайдалы және қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Жоба қатысушыларына «Мой любимый мультфильм» байқауының тақырыбын ашу және өзінің шығармашылық қабілетін таныстыру ойын композициясында көрсетуі ұсынылды. 40 минут ішінде төменгі жағажай аумағындағы асфальт әртүрлі суреттермен суреттелді. Көлеңкелі жерде асфальтта ұсақ әртүрлі бормен сурет салды. Әртүрлі борлар балаларға сүйікті мульфильм кейіпкерлері туралы өздерінің сезімдерін көрсетуге көмектесті. Суреттер бірегей,мазмұнды және ашық болып шықты. I орынға № 9 мектеп, II орынға - № 4, 16 мектептер, III орынға - № 19, 36, Кенжекөл ЖОМ ие болды. «Счастливое детство», «Летнее настроение» номинацияларымен № 13, 34 мектеп командалары, № 21, 22, 27, 28 мектеп  оқушылары белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер