Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

«Біз - чемпионбыз!»

25062019-11

        2019 жылдың 15-23 маусымы аралығында Алматыда Балалар үйлері мен интернат тәрбиеленушілері арасында баскетболдан "Үміт кубогы" республикалық чемпионаты өтті. Дәстүрлі турнир он төрт жыл бойы өткізіліп келе жатыр. Турнирге Қазақстанның барлық аймақтарынан 17 команда қатысты. Маңызы зор турнир тәрбиеленушілерді салауатты өмір салтына тартуға және дарынды спортшыларды анықтауға мүмкіндік береді. Балалар үшін жарыс спорт арқылы өз қабілетін жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік береді. Турнир кезінде спортшылар мен олардың жаттықтырушылары "Алтын Қарғалы" пансионатына орналасты, келушілердің орналасуы және демалуы үшін пансионатта тамаша жағдайлар жасалды.
   Павлодар қаласының Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері бірінші ойынды Қарағанды құрамасымен бақ сынасып бастады және 36:23 есебімен жеңіске жетті. Келесі ойында біздің команда Талдықорғанның командасымен сәтті ойнады, есеп 67:12. Келесі ойын Түркістаннан келген командамен бірге біздің жігіттердің жеңісімен аяқталды, есеп 35: 22. Петропавлдық командамен кезекті ойында да біздің ойыншыларымыз 42:32 есебімен жеңіске жетті. Екібастұздық командамен финалдық кездесу 55:29 есебімен аяқталды.
  Павлодар қ. отбасы үлгісіндегі балалар ауылының командасы күрделі, қызықты және стратегиялық қызықты ойында "Үміт кубогы" чемпионатында үлкен жеңіске жетті және республиканың баскетбол командалары арасында чемпион атанды!
Біздің құраманы "Халық банк"АҚ қолдауымен алты жыл бойы балалар командасын Марат Ерсаинович Шұғабаев жаттықтырып келетінін атап өту керек
   Сондай-ақ біздің тәрбиеленушіміз Уразбаев Владимир 2019 жылғы чемпионаттың "үздік ойыншысы" атанды!
Біздің команда мен жаттықтырушыны жеңісімен құттықтаймыз! Спортшыларға өркендеу, келешекте жеңістер тілейміз! Ерекше әлеуметтік топ балалары арасында баскетболдан чемпионатты жоғары ұйымдастырғаны және өткізу бастамасы үшін турнирдің ұйымдастырушыларына, демеушілеріне алғысымызды білдіреміз!

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер