Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

«Жас қорғаушы» әскери-спорттық лагерьдің екінші күні

WhatsApp Image_2019-06-26_at_14.50.02_29

       Успен ауданында Лозов ЖОББМ базасында «Жас қорғаушы» әскери-спорттық лагері жұмысын жалғастыруда.
    Бүгін лагерь тәрбиеленушілері мен оқытушылар «Жетісу» шекара заставасында болды.
    Застава бастығының міндетін атқарушы Қыдырбек Қасымханұлы Сабитбек жастарды застава қызметкерлерінің жұмыс күндерімен таныстырды. Балаларға заставаның техникалық жабдықталуы, жұмыста қолданылатын автокөлік құралдары көрсетілді.
    Дәріс және қызметтік итпен көрнекі жаттығулар өте қызықты және танымды өтті. Шекара заставасының қызметкерлері Альфа неміс овчаркасымен бірге тексеру қалай жүргізілетінін, тексеру кезінде және тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде есірткі заттарын анықтаған кезде қызметкерлердің қалай әрекет ететінін көрсетті.
    Күннің екінші жартысында шекара заставасының қызметкерлері балаларға ҚР Мемлекеттік шекарасына шығуды ұйымдастырды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер