Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Халықаралық конкурс-фестиваль жүлдегері

36

        Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 мектебінің 4 сынып оқушысы Смагулов Нұрболат балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының VII Халықаралық «Viva Astana» байқау-фестивалінің II сыйлығының лауреаты атанды. Конкурста Нұрболат домбырамен Сыдық Мұхаметжановтың «Шаттық Отаны» поэмасын орындады. Бала 5 жастан бастап домбырамен әуестенеді, Павлодар қаласының музыка мектебінде 1 сыныптан бастап айналысады. Бұған дейін ол жас музыканттардың қалалық байқауында II орынға ие болып, 52-ші облыстық жас музыканттар фестиваль-байқауының I дәрежелі дипломанты атанды, Павлодар қаласында өткен «Біздің ел халықтарының достығы» халықаралық байқауында бас жүлдені иеленді. Нұрболат мектепте өте жақсы оқиды,сынып, мектеп іс-шараларына белсенді қатысады. Теннис, шахмат ойнағанды ұнатады.
Байқау 2019 жылы 21 - 23 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Ұйымдастырушы - Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен Халықаралық байқау ұйымдастыру комитеті. Мақсаты - рухани тәрбиеге, жалпы мәдени және ақпараттық кеңістікті сақтауға, Қазақстанның, шет елдердің балалар мен жастар фестиваль қозғалысын дамытуға ықпал ету, өскелең ұрпақты қазақ халқының мәдени дәстүрлері мен құндылықтарына баулу. Вокал, хореография және аспаптық өнер, халық аспаптары бойынша Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан өңірлерінен келген 5 - 18 жас аралығындағы 300-ден астам бала қатысты.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер