Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Балалар суреттеріндегі Ертіс өңірінің тарихи тұлғалары

01072019-11
    

   «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша « Ертіс-Баян өңірінің киелі орындары. Павлодар облысының тарихи атақты тұлғалары» жобасы негізінде Павлодар қаласыныңБалалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубында 2019 жылдың 27 маусымында «Балаларсуреттерінде Ертіс өңірінің тарихи тұлғалары» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Көрмеде 13 - 15 жастағы оқушылар мен мұғалімдер орындаған ең үздік 14 жұмыс қойылған. Мектебіміз 2-ші жыл «Ертіс өңірініңкиелі орындары балалар көзімен» облыстық жобасын іске асыруға қатысады және одан әрі жұмыс жалғасатын болады. Бұл жоба балаларды патриоттық және эстетикалық тәрбиелеу арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуға, мәдени құндылықтарды арттыруға бағытталған. Көрмеде оқу жылы бойы белгілі жерлестердің өмірі мен қызметін зерттеу бойынша алдын ала атқарылған жұмыстар енді. Жұмыс қорытындысы бойынша көрмеге атақты отандастарымыздың портреттері қойылды: «Жаяу Мұса» Авраменко Полина, 14 жас, «Таймас әулие» Малых Илья, 13 жас, «Қайса ата-бақсы» Лаптева Анна, 14 жас, 15 жастағы Айкенжеева Айдананың  «Жаралғапберді Жұмабайұлы» (ұстазы Светлана Евгеньевна Рейн), және 15 жастағы Мырзағали Дарияның «Сұлтанмахмұт Торайғыров» суреті (жетекшісі Сидоренко Окасана Валерьевна). Жұмыстар әр түрлі техникаларда жазылған: кенепте майменакадемик Сәтпаевтың портретін Әлия Әубәкірова, 15 жастағы және академик Бекхожиннің портретін 14 жастағы Виолетта Молчанова сомдады (педагог Татьяна Васильевна Ахметжанова). Муса Шорманованың портретін гуашьпен 14 жасчтағы Рената Гильмиянова (жетекшісі Светлана Евгеньевна Рейн), ал аралас техникада Жасыбай батырдың портретін Смогулова Томирис, 14жастағы (жетекшісі Дамир Серікұлы Смыков) орындалды.

Көрменің тұсаукесеріне павлодарлық суретшілер, көркемөнер академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Ерсін Қаскиевич Такирбасов, сурет авторлары-оқушылар, ата-аналар, оқушылар, мектеп ұстаздары, БАҚ өкілдері қатысты. Көрме 2019 жылдың 1 тамызына дейін жалғасады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер