Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Жазғы ғажайыптар

IMG 5263

      

    «Әлем  Бала» жоба аясында  2019 жылы 27 маусымда төменгі жағажайда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  «Жазғы ғажайыптар» қалалық жазғы жобасының  «Иртышские дюны» 2 туры өткізілді. Мақсаты – шығармашылық  ынтасын  дамыту,  өзін жүзеге асыруға және  өз болмысын көрсету үшін  мүмкіншік туғызу.  

Әртүрлі құмды композициялардан,өзен құмынан су асты дүниелерден фигура құруға қаланың көрнекті жағажайында ( № 1, 6, 7, 9, 13, 14, 16, 17,18, 22, 26, 28, 29, 34, 36, 37, 39, 41, 42, 43 ЖОМ)  мектеп жанындағы лагерьлерден   199 әртүрлі жастағы командадан 249 оқушы қатысты .

Бала  қиялында шек жоқ. Балалардың құмнан жасалған өнерлерінде су астындағы дүние мекендеушілері,өз алыптығымен таңқалдырып, ежелгі мұнара,бекініс,таулы алқаптарға айналды. Қатысушылар өз қиялдарын құмды құрылыстарда ғана іске асырған жоқ,сонымен қатар өздерінің көркемдік ойлары туралы қызықты әңгімелей алды. Қызықты еңбек уақыты елеусіз өте шықты. Жас архитекторлар өздерінің құмды жаратылыстарына сүйсінді және өткізілген шығармашылық күнге өте риза болды. Тур қорытындысы бойынша I орынға № 43мектеп оқушылары, II орынға - № 1, 34 мектеп, III орынға - № 9, 22, 26 мектептер ие болды. «Креативность», «Оригинальность» номинацияларымен № 16, 41 мектеп  командалары,  № 7, 13, 28, 42 мектеп оқушылары белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер