Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Үйсіз жануарларға көмек көрсету

 22



2019 жылғы 20 маусым күні Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ-де «Кішкентай досыңа үлкен көмек»қайырымдылық акциясының қорытындысы шығарылады. Мақсаты - үйсіз жануарларға көмек көрсету, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, жануарларға қамқорлық жасауға үлес қосу. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында осындай іс-шаралар қайырымдылық мәдениетін тәрбиелейді, Отанға деген сүйіспеншілік туған өлкеге деген қамқорлық пен жауапкершілік арқылы көрініс табатынын түсінуге көмектеседі.

Павлодар қаласының «Сердца Павлодара» ҚҚ бірлескен, мектеп жанындағы «Күншуақ қаласы» лагерінің мұғалімдерінің, балаларының, ата-аналардың қатысуымен акция 15 - 21 маусым аралығында өтті.

Қорытынды шығару кезінде 100 килограммнан астам жиналған арнайы азықтар «Сердца Павлодара» ҚҚ Үйсіз жануарларды оңалту жөніндегі Павлодар орталығынаберіледі.

Үйсіз жануарлар мәселесі көптеген қалаларда шиеленіскен. Иттер мен мысықтарды бақылаусыз өсіру және жауапсыз ұстаудан ол айтарлықтай ауқымға ие болды. Экологтардың пікірінше, үйсіз жануарлар, ең алдымен иттер мен мысықтар заманауи мегаполистің экожүйесінің үйреншікті бөлігіне айналды. Қала тұрғындарының көпшілігі бақылаушылар позициясын алып отырған уақытта, волонтерлер мен экологиялық қозғалыстар белсенділерінің шағын топтары біздің әлемді сәл жақсырақ етуге тырысады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер