Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

160 бала профильдік лагерьде демалды

 

Павлодар қаласы музыка мектебінің балалар профильдік лагері төрт профильдік «Сириус», «Қазына», «Ертегі», «Біз бақытты баламыз» лагерлерін қамтиды. Маусым айында лагерьде 160 аса мектеп оқушысы мен шағын аудандар бойынша балалар демалыспен қамтылды.

Профильдік лагерлердің тәрбиеленушілері үшін түрлі форматтарда орындалған ұжымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. «Солнечный камертон» жобасы аясында оқып, ән орындау үшін ұсынылған әндер топтамасы «вокалшылар» арасында ғана емес, сонымен қатар барлық балалар арасында да қызу үн қосты, педагогы Миронец Ксения Владимировна. Өйткені, хор әні балалар лагерьлеріндегі музыкалық тәрбиенің ең қолжетімді және жаппай нысаны болып табылады. Педагог Регина Владиславовна Иванованың айтуынша «Теремок на новый лад» ертегісінің қойылымы жұмыстың жаппай формасына айналды, «Special» музыкалық театрында балалар өздерін нағыз әртістер рөлінде сынап көрді. «Bravo» жазушылық челленджде сұхбат алу және фото-репортаж дағдыларын игерді, нәтижесінде қатысушылар қызықты мақалалар жазды, ақпараттық парақ үшін көптеген фото-коллаж жасады.

Мектеп жанындағы алаңда балалардың денсаулығын нығайту мақсатында көңілді әуенде дене шынықтыру жаттығуларының кешенінен тұратын күн сайын таңғы гимнастика және флешмоб өткізілді. Балалар спорттық эстафеталарға, сауықтыру іс-шараларына, Нептун күніне ерекше құлшыныспен қатысты.

«Алтын қазына» жобасы аясында «Барлығы үшін оркестр» қызметі Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шараға ұласты. Мектеп үшін «Алтын қазына» жобасының жаңашылдық қорытындысында 1-маусымның жабылуындағы вокалдық және хореографиялық қойылымдардың толық жиынтығына айналды. Концерт мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілерінің үлкен хорымен аяқталды. Шақырылған ата-аналар, әжелер мен аталар атынан көптеген қонақтар өнер көрсетушілерді сүйіспеншілікпен қол шапалақтап қарсы алды.

Профильдік лагерьдің басшысы, мектеп басшысының орынбасары Алтынай Нурумжановна Акимханова «Мектеп педагогтары балалардың қызығушылықтары бойынша демалысты өткізу үшін барлық мүмкін болатын қызықты іс-шараларды ойластырды. Маусым айында мектебіміздің мектеп жанындағы профильдік лагері балалар үшін жарқын және есте қаларлықтай болғанына сенімдіміз», - деп атап өтті.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер