Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Май Жібек жолы

IMG-20190629-WA0002

         Болашаққа бағдар рухани жаңғыру мақаласы, Жастар жылы саясаты, Май ауданының 80 жылдық мерей тойы аясында «Өлкетану» жұмысын насихаттау және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында 27-29 маусым аралығында мектеп оқушыларына «Май Жібек жолы» атты аудандық керуен саяхат ұйымдастырылып, Ақшиман- Баянауыл елді мекеніндегі қасиетті жерлерге сапар шекті.
           А.Иманов мектебінің 8-сынып оқушылары керуен саяхат аясында Ақбалық хазірет мазарына, Қайса ата мазарына, Қалмақ қырылған тауына (үңгір), Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылының көрнекті жерлеріне, Сұлтанмахмұт Торайғыров мұражайына, мазарына, «Кемпіртас» құлпытасқа саяхат жасап, қасиетті бұлақ суынан оқушылар дәм татып, табиғат аясында бой жазды. Жалпы саяхат аясында дәмді дастархан жайылып, ішкі саясат, оқушылар үйі ұйымдастырған сайыстар, спорттық жарыстар, Көкпар, би  кештері өткізіліп, кешкі алау жанында оқушылар көңілді әндер шырқады.      Сондай-ақ, керуен саяхат бағдарламасы аясында және қасиетті жерлерге деген құрмет тәрбиесі негізінде «эко кросс» ұйымдастырылып, мектеп оқушылары Ақшиман ауылындағы қасиетті бұлақ маңын қоқыстардан тазартуда белсенділік танытты.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер