Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Бурабай курортының көрнекті орындарына саяхат

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін «Көңілді демалыс - 2019» республикалық жазғы жобасының аясында, Павлодар қаласының № 16 мектеп-лицейінің 5 - 8 сынып оқушылары, 4 мұғалім, 4 ата-ана маусым айында Бурабай курортына бару мүмкіндігіне ие болды.

Павлодар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Көкшетау, Жезқазған қалаларында 500-ден астам мектеп оқушыларына «Звездный» балалық сауықтыру орталығында жайғасып тұру мүмкіндігімен қоса берілді.

10 күн ішінде экскурсиялық бағдарламаларға ерекше назар аударылды - мектеп оқушылары «Абылай хан» жергілікті тарихи мұражайына, Табиғат мұражайы мен Бурабайдағы хайуанаттар бағына барды. Балалар «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің - Абылай хан түзеңіне, Жұмбақтас тауына, Оқ Жетпес тауына, Кенесары үңгіріне, Әулиекөл қасиетті көліне барған алғашқы балалар тобына айналды. Бұдан басқа, қазақ халқының дәстүрлері мен ұлттық тағамдарын және мемлекеттік тілді үйрену курстары ұйымдастырылды. Балалар «Атамекен» патриоттық акциясына және «Таза орман» қоқыс жинауға арналған экологиялық отырғызу алаңына қатысып, балалар мен жасөспірімдерге арналаған республикалық «Аккорд» фестивалінде музыкалық шығармашылықтарының жеке қасиеттерін көрсетті.

Сондай-ақ, баланы психологиялық қолдау, «Өзіңді таны», «Біз дос боламыз, достығымызды сақтай білеміз», «Мен және айналамдағы әлем», өрт кезіндегі, суға қатысты қауіпсіздік ережелері туралы талқылау жүргізілді.

Павлодар командасы барлық іс-шараларда білімі, дағдылары, белсенділік бойынша нәтиже көрсетіп, № 16 лицей-мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі директорының орынбасары, «Көңілді демалыс - 2019» республикалық жазғы жобасында бірінші орын алғанкоманда көшбасшысы Анастасия Викторовна Нуриманова «Жас ұрпақ» ҚҚ дипломымен марапатталды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер