Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Жасөспірімдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ІХ Қазақстан Республикасының чемпионаты

IMG-20190702-WA0058

        

    2019 жылы 25 маусымда Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің құтқарушылар скверінде жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ІХ Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Чемпионат 3 күнге созылды. Құрамында 200-ден астам жас спортшысы бар 17 команда Қазақстанның Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыстарының ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлар Департаменттерінің намысын қорғауға келген ең жылдам және епті жасөспірімдері. Үш жас тобы арасында 4 түрлі жарыстар өтті: 100 метрлік кедергілерден өту, оқу мұнарасына шабуыл сатысымен көтерілу, өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік өнер көрсету.  Керимов Эрнест, Павлодар қ. № 30 ЖОМ қатысушысы жақсы нәтиже көрсетті. Ол шабуыл сатысымен көтерілу бойынша финалға өтіп, 4 – орынды еншіледі.  Балалар жарысып қан қоймай, оларға экскурсия және демалыс ұйымдастырылды.

 

IMG-20190702-WA0056

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер