Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Спорттық туризм бойынша Павлодар облысының командасы екінші жыл жеңімпаз атанды

IMG-20190705-WA0019

            1-5 шілде аралығында Баянауыл рекреациялық аймағында 2002-2005 жылы туған оқушылар арасында спорттық туризм бойынша республикалық жарыстар өткізілді. Жарыс шарттары бойынша қатысушылар "Жеке-командалық қашықтық" (Эстафета), "Кросс-жорық" және "Тау техникасы" сияқты спорт түрлерінен жарысты. "Команданың визит карточкасы", "Туристік әндер байқауы", "Экоквест" тәрізді ығармашылық конкурстарда өз бақтарын сынады. Өлкетану білімі мен жақсы спорттық дайындығын көрсете отырып, туристік дағдылар мен күш - жігерді салып, бірінші орынды Павлодар қаласының командасы (БЖЭТО), екінші орынды Қостанай облысының "Степная братва" командасы, үшінші орынды осы облыстың "Алтай" командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Кубоктарымен, дипломдарымен және медальдарымен марапатталды. Спорттық туризм бойынша Республикалық жарыс жоғары дәрежеде өткізілді, ауа-райы да өте қолайлы болды. Баянауыл өлкесінің табиғаты есте қаларлықтай әсер қалдырғаны анық. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер