Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтардың болмауы туралы ақпарат:

2019 жылғы 21 қарашада  2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура минус 20 градус, жел 2  м/с

 

 


 

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Конкурс мәні:

 

         Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар үшін 2019/2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.

         Павлодар облысына 75 білім гранты бөлінді, оның ішінде педагогикалық ғылымдарға - 12, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына, ауыл шаруашылығы мен биоресурстарға – 63. Бұл гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады.

 

Конкурс ұйымдастырушысы:

 

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысының білім беру басқармасы

Пошталық мекенжайы: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 400-кабинет

Байланыс телефондары: 8(7182) 32-18-21, 32-18-91

 

Конкурс туралы ақпарат:

 

Конкурс Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 шілдедегі "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссия туралы ереже» № 268/5 қаулысына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа мамандықтар шегінде әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатыса алады.

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық тапсырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

1. Жоғары оқу орнының өтінімі (13-қосымша)

2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы (6-қосымша)

3. Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы және 2019-2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар (7,8 -қосымшалар).

*ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына қосымша (2018 жылғы 28 мамырдағы №231 енгізілген өзгерістермен)

 

Берілген қосымшалар қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады.

 

Ақпараттық картаның және мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ұсыныстардың электрондық нұсқасын azanbaeva.nurgul@pavlodar.gov.kz">azanbaeva.nurgul@pavlodar.gov.kz электронды мекенжайға жіберу қажет.

 

Конкурстық өтінімге ұсынылған құжаттар тігілген, нөмірленген, жоғары оқу орнының бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен расталуы қажет.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер желімделген конвертте 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 400-кабинетке жіберіледі.

 

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2019 жылғы 20-25 шілде аралығында сағат 17.30-ға дейін.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер