Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Парасаттылық күні

Білім басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің «Ertis-adaldyq аlan'y» жобалық кеңсесі және Павлодар қаласының білім беру бөлімімен бірлесіп, Қазхром» ҰТК АҚ-ның «Ферросплавщик» демалыс орталығында «Парасаттылық күнін» өткізді.

Іс-шараның мақсаты: оқушылар бойында парасаттылық, төзімділік және адалдық қасиеттерін қалыптастыру.

Кездесудің бірінші бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы А. Н. Тастемиров «Адалдық» туралы сөз сөйледі. Сондай - ақ, департамент жанындағы арнайы мониторингтік топтың лекторы, қоғам қайраткері Жанғазы Еркеғали сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Балалар М. М. Катаева атындағы облыстық оқушылар сарайының әдіскері. Оразбаева А.Ж. «Адалдық пен парасаттылық» атты тақырыбында өткізген тренинге белсенді қатысты. Олар өз елінің адал азаматы болу жолдары мен адалдық туралы өз пікірлерін білдірді.

Тәжірибелік бөлімінде кәсіби суретшілер сурет салу бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Павлодар қаласының № 1 балалар көркемсурет мектебінің педагогтары В.П. Степанкова мен Р. П. Степанкованың өткізген қызықты шеберлік сыныбында балалар сурет салу техникасының қыр-сырын үйренді.

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер