Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Балалардың жазғы демалысы

 

   Жаз басталғаннан бері Ақсу өңірінің 26 мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлері балаларға өз есіктерін айқара ашты. Оларға қызықты бағдарлама дайындады. Бұл Павлодар өңірінің қасиетті жерлері мен сауықтыру орталықтарына барулар, түрлі ойындар мен конкурстар. Балалар шығармашылықпен айналысты, түрлі экскурсиялар жасады. Тұтастай алғанда биылғы жылы жазғы демалыспен, сауықтырумен және жұмыспен қамтылумен 9000-нан астам бала қамтылды. Демалыстың, сауықтыру мен жұмыспен қамтудың барлық түрлерін ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен ағымдағы жылы 29,5 млн. теңге бөлінді.
Сондай-ақ Беловка кентіндегі Ақсу ферроқорытпа зауытының «Мечта» сауықтыру лагерінде жыл сайын бір маусымда 220 баладан астам қабылданады. 4 маусымда мұнда 900-ден астам мектеп оқушылары демалды. Әлеуметтік серіктестік шеңберінде Ақсу қаласы әкімдігі мен осы зауыт арасында 25 шілдеден 8 тамыз аралығында сауықтырумен көп балалы және табысы аз отбасылардан тағы 50 бала қамтылды. Осы үшін жергілікті бюджеттен қосымша 2530,0 мың теңге бөлінді.
Түрлі ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың осындай түрі жазғы каникул кезінде балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғастырылатын болады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер