Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

 

   Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінде жазғы демалыс кезінде «Артлайф - 2019» бейіндік лагері жұмыс істейді. Лагерь бағдарламасының негізгі мақсаты мектеп жанындағы лагерь оқушылары мен шағын аудан балалары үшін «Пленер», «Артлайф» жобаларынан ұйымдастыру болып табылады. Балаларөз қызығушылықтары бойынша жұмыспен қамтылып, әр түрлі техникада сурет салу дағдыларын қалыптастырады, бейнелеу шығармашылығын дамытады.
«Пленер» жобасы аясында қатысушылар, мектеп педагогтарымен бірге таза ауада, қала көшелерінде әр түрлі пейзаждық этюдтер салды. 15 адамнан тұратын балалар тобы Баянауылдың қасиетті жерлері бойынша көшпелі пленерге қатысты.
«Артлайф» жобасы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушыларына шеберлік сағаттар мен экскурсиялар жүргізілді. Мектеп педагогтары Шамиль Ракымбекович Шушаев, Алексей Александрович Балин, Светлана Евгеньевна Рейн, Дария Карангуровна Батмаева кескіндеме, акварель, мүсіндеу бойынша арт-эксперименттер өткізді. Әсіресе балаларға ермексаздан жануарларды мүсіндеу қатты ұнайды. Мектеп жанындағы лагерь 250-ге жуық оқушыларға сәндік-қолданбалы өнер бойынша экскурсия ұйымдастырды. «Асық ату» балалар суреттерінің, сәулет макеттерінің конкурстарына 150-ден аса бала қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Гагарин атындағы саябақта сурет көрмесі және көркемсурет мектебінде макеттер қойылды. Жазғы демалыс кезінде мұнда 1500 балаға дейін өз қызығушылықтары бойынша шұғылданды.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер