Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

09072019-8888




 

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат

 

   Аудандық "Жазғы демалыс-2019» бағдарламасына сәйкес Ақтоғай ауданының Жалаулы орта мектебінің оқушылары Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты. Оқушылар мұражайдың экспозициясы 16 залдан тұратынын, әр экспозициялардың мазмұны туралы толық ақпарат алды.
Жердегі тіршіліктің пайда болуы экспозициясында табиғи байлықтардың дамуы және оның пайда болуының негізгі кезеңдерінен тауып алынған геологиялық және палеонтологиялық коллекциялары біздің территориямызда өмір сүрген ежелгі жануарлардың қалдықтары және олардың тіршілігінің дамуы жайлы құнды мәліметтермен танысты.
Сонымен қатар, дәстүрлі қазақ қоғамындағы этнография, сәндік-қолданбалы өнер,қаланың көмір бассейнінің құрылуы, ғарыш айлағының-бірегей ғылыми-техникалық комплексінің материалдарымен, геологтар: Русаков, Гапеев, Сәтбаевжәне«Алаш-Орда» қоғам қайраткерлері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, М.Дулатов туралы деректер мен сонымен қатар 100 орындық акті залымен таныс болды.
Музейге бару оқушыларға мол әсер етті. Олар мұражайлық ақпарат мәліметтерінің маңыздылығын және ерекшелігін дұрыс меңгере отырып, материалдық және рухани мәдениетінің тарихи мұраларының құнды қоймасы туралы көптеген ақпараттар алды. Осындай саяхаттың ұйымдастырылуына демеу болған ата-аналар қауымына ризашылығымыз шексіз!

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер