Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Павлодарлық Абай мен Шәкәрім танушыларының жетістіктері

 

   Мектеп оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау көрсету мақсатында ҚР БжҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаменті, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасымен бірлесіп ағымдағы жылдың 26-29 тамыз аралығында Семей қаласы, Абай ауданы, «Абай және Шәкәрім» музей-кешенінде жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында ХХ республикалық Абай оқуларын алты номинация бойынша өткізді.
Павлодар облысынан республикалық Абай оқуларына облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты.
Республикалық Абай оқуларының қорытындысы бойынша Екібастұз қаласы №2 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Рахметолла Даниял «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен және Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Баянбат Ерасыл «Абайдың қара сөздері» бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Павлодар қаласы №24 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Көлтай Мақсат және Екібастұз қаласы №36 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы Қуаныш Нұрай Абай оқуларында көрсеткен белсенділігі мен қол жеткен ерекше жетістігі үшін «Дарын» РҒПО-ның грамотасын иеленді, сонымен қатар Павлодар қаласы №38 ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Хавалхаг Ғазиз «Жеңіске жету үшін талпынған» номинациясына ие болды.
Ұйымдастыру комитеті қатысушыларға Мұхтар Әуезов дүниеге келген Бөрілі ауылына, Шілікті жеріне, Еңлік-Кебек кесенесіне қызықты экскурсия жүргізді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер