Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 


 

Қаланың білім беру мекемелерінің Конституция күнін өткізуге қатысуы

 

   Қазақстан Республикасының Конституция күні әрбір қазақстандық үшін маңызды жалпы мемлекеттік мәні бар. 30 тамызда Конституция күніне арналған мерекені өткізу күні, жағажайда Павлодар қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары мен педагогтары қалалық мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысады. 5 - 6 сыныптардың 60-тан астам оқушысы «Мой солнечный Казахстан» Мега раскраска алаңының жұмысына қатысады, көркем мектеп тәрбиеленушілері «Дала үні, қала сыры» фильмін ұсынады. «Заң порталы» кеңесшілер аллеясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мамандары азаматтарға жаңа оқу жылын ұйымдастыру және бастау мәселелері бойынша түсініктеме береді.
Конституция күні мерекесі аясында 7-8 сынып оқушылары Қ. Әбусейітов атындағы МСО-да болып, «Жау жүрек - мың бала» тарихи фильмін тамашалады. 1 қыркүйекте қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» республикалық интернет - акциясы өтеді. Бұл күні оқушылар, ата - аналар мен мұғалімдер Білім күніне арналған позитивті сипаттағы 1 - 2 минуттық бейне роликтерді әлеуметтік желілерде орналастыра алады. 2 қыркүйекте қала мектептерінде 41000-нан астам оқушылар үшін бірыңғай Конституция сабағы өткізіледі. Сабақтың басты мақсаты - Қазақстанның негізгі заңын мақсатты түрде зерделеу арқылы оқушылардың конституциялық-құқықтық мәдениетін, Конституциялық патриотизмін қалыптастыру және арттыру.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер